KZ

Главная страницаПедагогическая мастерская - уроки
Мейірімділік әлемінде.
Мейірімділік әлемінде.
24 июня 2014    Автор / К. Өтеғалиева , №34 «Балбұлақ» бөбекжайының тәрбиешісі, Батыс Қазақстан облысы.

Мақсаты:                    

-    Адалдық, шыншылдық қасиеттері туралы түсінік беру;

-    Балалар бойындағы жақсы қаиеттерді дамыту;

-    Шыншылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: сюжетті сурет, гүл, кейіпкерлер, ақ көгершін

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, интерактивті әдіс-тәсілдер, сахналау, сұрақ-жауап

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:

Шаттық шеңбері:

Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қайырлы таң!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Тәрбиеші: Қайырлы таң балалар! Мен сендермен кездескеніме қуаныштымын. Біздің қасымыздағы адамның көңіл-күйі көтеріңді болса, бізде көңілді жүреміз. Айналадағы барлық тіршілік иесі де көңілді жүреді. Олар бір-біріне жылылықпен, сүйіспеншілікпен қарайды. Сол үшін де біз әрқашан бір-бірімізге қуаныш сыйлай білуіміз керек. Ал қазір балалар бүгінгі күнге өзіміздің тілегімізді жеткізейік:

 

-    Алия, мен саған бақыт тілеймін.

-    Ернар, мен саған ашық аспан тілеймін.

-    Ғалия, мен саған мейірімділік тілеймін...т.с.с.

Тәрбиеші: Рахмет, балалар.

Релаксация: Балалар ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдарда болады.

Көз алдарыңа үлкен теңізді елестетіңдер. Теңіз жағасында самал жел соғып, салқын ауа, толқынды тербетеді. Біздің кемеміз толқын желісімен «Мейірімділік» аралына қарай жылжып барады. Біз кемеден түсіп, алға қарай соқпақ жолмен жүріп келеміз. Айналамыз әдемі гүлдер мен сұлу

ағаштарға толы. Біз көрмеген құстар мен аңдар бізге таңырқай қарайды. Соның ішінде ең ерекше көрінген «ақ көгершін» болатын. Ол сондай аппақ, тап-таза, мейірімді көздерімен қош келдіңдер дегендей болды.

Көзімізді ашып, терең дем алайық.

-    Балалар, не сезіндіңіздер?

(музыка әуенімен залға пілдің баласы кіреді)

Кішкентай піл: Саламатсыздар ма, балалар! Мен қайда келіп, қалдым.

Тәрбиеші: Амансың ба, кішкентай жануар! Сен неге көңілсізсің? Міне қарашы, ай- нала сондай тамаша, жарық, жылы. Барлығы сенің көңілсіздігіңе алаңдап тұрғандай.

Кішкентай піл: Мен орманда ойнап жүріп, анамнан адасып қалдым.

Тәрбиеші: балалар, кішкентай жануарға көмектесеміз бе? Қане олай болса, шеңберге тұрайық. Телефон шалып, кішкентай жануардың анасын іздейік:

Ойын: «Бұл кім телефонда?»

«Алло, алло, қоңырау шаламыз,

Бөбектің анасына, біз іздеу саламыз»

(Телефонның арғы бетінен жауап береді)

 

Керік: Бұл кім?

Тәрбиеші: Алло, біздің кішкентай піл анасынан адасып кетті. Енді, кішкентай пілдің анасын іздеп жатыр едік.

Керік: тұра тұрыңдар, мүмкін ол менің балам шығар. Қазір мен келемін.

(музыка әуенімен залға керік кіреді)

Керік: амансыңдар ма, балалар! Қайда адасып қалған кішкентай жануар?

Балалардың жауабы: Міне

Әңгімелесу:

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, кішкентай жануар бізге келген керікке ұқсайды ма? Қане, салыстырайықшы:

-    Керіктің құйрығы бар ма?

Керіктің құйрығы бар - кішкентай пілдің де құйрығы бар

-    Керіктің мойны қандай?

Керіктің мойны ұзын - кішкентай пілдің мойыны қысқа

-    Керіктің құлағы қандай?

Керіктің құлағы кішкентай - кішкентай пілдің құлағы үлкен.

-    Ал, енді ойланыңдар, олар ұқсай ма бір-біріне?

-    Жоқ.

-    Демек, ол кішкентай пілдің анасы ма, екен?

-    Жоқ

Кішкентай жануар: Жо-жоқ, ол менің анам!

Бала: Мұңайма, кішкентай жануар, қане оданда ән салайық, мүмкін сенің анаң дауысыңды естіп, өзі табар.

Ән: «Дос болайық, бәріміз!»

Керік: Сен кішкентай жануар мұңайма, сенің анаң табылады, ал маған өзімнің орма- ныма қайту керек. Кішкентай піл, мына гүл менің елімде өседі, өзіңнің анаңды тапқанда оған сыйларсың.

(пілге гүл беріп, шығып кетеді)

Кішкентай жануар: Рахмет!

(балалар пілді ортага алып орындыққа отырады)

Кішкентай жануар: Егер мен сол орманда адасып кетпеген де ғой, әкем мен анамның жанында жүрер едім!

Балалар, мүмкін біз кішкентай пілдің армандап отырған әлемін суретке салып берерміз? (сурет салып бола бергенде телефон соғылады)

Тәрбиеші: Алло, бұл кім? Ия кішкентай жануар бізде. Келіңіз, келіңіз, біз сізді күтеміз. Балалар, біз кішкентай пілдің анасын тапқан секілдіміз!

(музыка әуенімен залга қолтырауын кіреді)

Қолтырауын: Амансыңдар ма, кішкентай бөбектер!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Қолтырауын: Қане, қайда кішкентай жануар?

Кішкентай жануар: Мама, Мама (қолтырауынды құшақтайды)

Қолтырауын: Қарнын сипап: М...М...М... қандай сүйкімді жануар, - деп пілді алып кеткелі жатады.

Тәрбиеші: Тұра тұрыңыз, тұра тұрыңыз!!! Балалар, қараңдаршы олар бір-біріне ұқсайды ма? Салыстырып көрейікші:

-    Қолтырауынның түсі қандай?

Қолтырауынның түсі жасыл - ал, кішкентай піл көгілдір

-    Қолтырауынның құйрығы қандай?

Қолтырауынның құйрығы ұзын, жуан - ал, кішкентай пілдің құйрығы қысқа, жіңішке.

-    Қолтырауын кішкентай пілдің анасы ма, екен?

-    Жоқ

Тәрбиеші: Қолтырауын, олай болмайды. Сен кішкентай жануарды алдама, ол жаман әдет. Достар бір-біріне жалған сөйлемеу керек. Шыншылдықты мойындап, айта білу - батылдық. Сондықтанда:

Дәйексөз: «Шыншыл бала - батыл бала» деп айтады.

Қолтырауын:

Аналарды сүйіңдер.

Ақылды ойға түйіңдер.

Әженіде ардақтап,

Әдеппен бас иіңдер.

Ал, сен кішкентай жануар ренжіме, сенің анаң табылады. Мен саған ұқсайтын бір жа- нуарды білемін, ол бірақта алыс-алыс жерлерде тұрады. Оған бару үшін көп кедергілерден, қиындықтардан өту керек, табиғаттың түрлі құбылыстарына, ыстығына-суығына шыдау керек. Ал, мына қоңырау саған анаңды табуға көмектеседі. (қоңырауды кішкентай пілдің мойнына іледі) Сау болыңдар балалар! (залдан шығып кетеді)

Кішкентай піл: Рахмет, сізге Қолтырауын! Сау болыңыз!

Сергіту сәті:

Бойды бүкпей тік ұста,

Еркін тұрып, тыныста.

Жай оң қолды оң жаққа,

Жай сол қолды сол жаққа.

Қолды айналдыр бұлданбай,

Екі шеңбер сызғандай.

Сәл тынығып байқа да,

Оншақты рет қайтала.

(әннің әуенімен залға үлкен піл кіреді, қасында ақ көгершін келеді)

(Кішкентай жануар жүгіріп, «Мама! Мама!» деп үлкен пілді құшақтайды.)

Үлкен піл: Кішкентай ғана жануарым, мен сенен адасқалы бері тау-тасты аралап, ұзақ жол жүрдім. Жолымда ақ көгершін кездесіп, сен тұрған жерге алып келді. Оған айтар алғысым көп, рахмет саған ақ көгершін. Бүгіннен бастап, мен үшін бақыт құсы боласың!

Тәрбиеші: Балалар, қандай қуанышты жағдай! Қараңдаршы адасып қалған кішкентай піл анасын не алып келген екен?

Балалар: Ақ көгершін

Тәрбиеші: Неге үлкен піл ақ көгершінді бүгіннен бастап, бақыт құсы деп атады?

Балалар: Өйткені, ақ көгершін анасына кішкентай пілді тауып, жақсылық жасады.

Тәрбиеші: Демек ақ көгершін қайырымды іс жасады. Адасып  қалған кішкентай пілдің анасына жол сілтеп, бізге алып келді. Ал, біздер қайырымды істер жасай аламыз ба?

Бала: Әрине, қарайымды іс жасауды «Өзін-өзі тану» оқу іс-әрекетінен үйрендік емес пе? Қане, достар «Өзін-өзі тану» оқу іс-әрекетінен үйренген қайырымды істерімізді ақ көгершінге айтып берейік! (тақпақтар айтылады)

Тәрбиеші: Рахмет, балалар! Бақыт құсы сіздерді мұқият тыңдады деп ойламын.

Ән: «Қайырымдылъщ жолымен!»

Т әрбиеші: Қайырымды іс жасаған бақыт құсы бізді және барша адамзатты жамандықтан сақтап жүрсін. Бейбіт, ынтымағы жарасқан елімізде биікке самғай берсін деген ниетпен еркіндікке жіберейік!

Жүректен-жүрекке:

Барлығы:

Достарыңды ұмытпа

Көмектес сен жалықпа

Әрдайым дайын бол,

Жақсылық тағы жасауға.

(музыка әуенімен көгершін ұшып кетеді).

comments powered by Disqus