KZ

Главная страницаПедагогическая мастерская - уроки
«Білімдер еліне саяхат»
«Білімдер еліне саяхат»
10 марта 2016    Автор / Игибаева Н.О., «БӨБЕК» ҰҒПББСО-ның «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ТӘРБИЕШІСІ

Білім беру саласы: Таным; Әлеуметтік орта; Қатынас, Денсаулық, шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті бөлімі: ҚМТҚ,Тіл дамыту, Сауат ашу және жазу, Қоршаған ортамен танысу, Көркем әдебиет, Қол еңбегі.

Тақырыбы: «Білімдер еліне саяхат»

Мақсаты: Балалардың әрсалада  білімдерін жетілдіру. Сөздік қорларын дамыту. Табиғатқа,қоршаған ортаға қамқорлық керектігін үйрету. Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Үлкендердің еңбектерін бағалауға, сыпайы, өнегелі болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер

 

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Балалар бір-біріне жақсы, мейірімді сөздер айтады.

 

 

 

Ұйымдастыру-

кезеңі

Балалар, біз бүгін «Білімділер еліне» саяхатқа барамыз. Менің ойымша бұл саяхат сендер үшін қызықты болады.

– Сендер саяхат жасағанды ұнатасың-дар ма?

– Қандай көлік түрімен барғыларың келеді?

– Саяхатқа кандай көлік түрлерімен баратынымызды білгілерің келе ме?

Олай болса алдыларыңдағы қағаздағы санды нүктелерді бір-біріне қоссаңдар немен баратынымыз белгілі болады.

 

Тыныштық сәті

 

Біз міне, «Білімдер еліне»келіп жеттік. Бұл теңіздің тұрғындары сендермен қызықты тапсырмаларды орындап, ойын ойнағанды ұнатады.

Дәйек сөз

«Білімді мыңды жығады,білекті

бірді жығады»

Мынау ғажайып математика аралы бізге қандай тапсырма дайындап қойды екен.

1 тапсырма

1-20 дейін тура, кері сану.

2  тапсырма

Есепті шығар және салыстыр

3  тапсырма

Санның құрамын тап

4  тапсырма

Логикалық сұрақтар.

Ойын:Көршісін тап

Рахмет, балалар сендер тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.

 

 

Келесі ғажайып аралы «Сауат ашу және жазу»

1 тапсырма

Дыбыс дегеніміз не?

Олар нешеге бөлінеді?

Дауысты дыбысты қандай түспен белгілейміз?

Мына сөздерді буынға бөл.

Балабақша, көктем, ағаш, гүл

2 тапсырма.

Анаграмма шешу. Сөзжұмбақ. Жаза білесің бе?

– Бұл тапсырмаларды да жақсы орындадыңдар, рахмет!

 

Келесі ғажайып аралы «Көркем әдебиет»

1 тапсырма

Бір жылда неше мезгіл бар?

Қазір жылдың қай мезгілі?

Көктем айларын ата

Қандай ертегі түрлерін білесіңдер?

2 тапсырма

Суретке қарап, көктем туралы тақпақ айту.

Сергіту сәті.

Келесі ғажайып аралы «Қоршаған ортамен танысу»

1 тапсырма

Табиғат дегеніміз не?

Оны қалай қорғаймыз?

2 тапсырма

Жанды, жансыз табиғатты ата.

Суретке қарап тіршіліктегі адам мен жануардың, жануар мен өсімдіктің, адам мен өсімдіктің арасында қандай байланыс бар?

 

Ойын: «Жанды және жансыз табиғат»

Шарты: Жанды табиғатты атағанда, қол шапалақтайды, жансыз табиғатты атағанда, қолдарын көтереді.

 

 

 

-Ұнатамыз.

 

Балалар әртүрлі көлік түрлерін атайды.

 

 

Алдарындағы тапсырманы орындап, кеме екенін біледі

 

Балалар көздерін жұмып, қөз

алдарына саяхатқа бара жатқандарын елестетеді.

 

 

 

 

 

Балалар дәйексөзді қайталайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырмаларды орындарында отырып орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

– Дыбысты біз естиміз, ал әріпті жазамыз

– Екіге бөлінеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар сұрақтарға жауап береді.

 

 

Өздері білетін көктем туралы тақпақтарын айтады.

 

Балалар қимыл қозғалыспен орындайды.

 

 

 

Бұлардың бәрі де тірі табиғатқа жатады, себебі олар қоректенеді, өседі, тұқып таратады. Сондықтан лардың тіршілігінде ұқсастық бар, айырмашылықтары да көп.

Рефлексиялық түзетушілік

– Рахмет балалар, сендер бүгін саяхатқа бару арқылы өздеріңнің білімдеріңді көрсеттіңдер. Сендерге саяхат ұнады ма?

Қағазбен жұмыс (оригами)

Саяхатымыздан естелік болу үшін алдарыңдағы ақ қағаздан бүктеу арқылы (оригами) кеме жасайық

Балалар өздеріне кеме жасап алған соң, өлең жолдарымен аяқтайды.

 

comments powered by Disqus