KZ

Главная страницаПедагогическая мастерская - уроки
Пришла весна (Интегрированный урок по самопознанию, ИЗО для воспитанников старшей группы детского сада)
Пришла весна (Интегрированный  урок  по самопознанию, ИЗО для воспитанников старшей  группы детского сада)
20 апреля 2017    Автор / Г.Р. Молдакенова, учитель ИЗО Детский сад «Сампознание» ННПООЦ «Бөбек

Күні: 29.03.2017ж.

Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі: Г.Р.Молдакенова

Білім беру саласы: шығармашылық, қатынас

Білім көздері: Сурет

Тақырыбы: Көктем келді

Мақсаты: Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, көктем мезгілінің ерекшеліктерін көрсете білу.

Міндеттері:

Білімділік: сәндік қолданбалы өнеріне қызығушылықтарын арттыру.

Дамытушылық: балаларға  айшықтау тәсілін үйрету.

Тәрбиелік: адам еңбегін бағалай білуге, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралы: жібек мата, акрил бояуы, теңіз тұзы, қылқалам, резерв, контур, рамкалар.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, тыңдату, қайталау.

Іс – әрекет бөлімдері

Ұйымдастырушылық оятушылық

Шаттық шеңбер"Таңғы тілек"

Педагог балаларға  мейірімді сөздермен  ертеңгілік шеңберді бастайды.

Балалардың іс әрекеті

Балалар шеңберге тұрыпбір-біріне жылы тілектерін білдіреді

Ұйымдастырушылық ізденушілік

Дәйексөз"Өнерлі адам-бақытты"

1."Өнер, өнерлі, бақыт, "сөздерінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

2. Адамдар қай кезде бақытты болады

Балалар жауабы

Ертегі "Қараторғайдың сағынышы" (Слайд арқылы)

Аудио жазба

Қыс мезгілінің уақыты өтседе күн жылынар емес. Жер бетін әлі қар жауып тұр, күннің ызғары қайтар емес.

Бірақ бүгінгі күн тамаша болып, күн шуағын аямай шашып тұр, күнде жып-жылы.

Балалар ертегіні слайд арқылы мұқият тыңдайды.

Осы сәтте кішкентай торғайдың даусымен шырылдаған үні естіледі. Кішкентай торғайшырылдап, достарын қатты сағынып, шарқ ұрып жүр еді.

Қалғып, ұйықтап кеткен қыс мезгілі оянып кетіп, қатты ашуланады, ренжиді.

–Не ол шиқылдап ұшып жүрген, менің ұйқымды бұзды!

–Бұл мен торғаймын, атай сіз мені кешірініз, мен сізді оятайын дегенім жоқ, атай мен өзімнің достарымды сағындым, ыстық күнді сағындым,– деді.

–Жоқ олай бола қоймас, күннің ыстық болғанын мен қаламаймын,– деп қолына таяғын алып ары-бері сермегенде қар жауып, күн суытып кетті.

Кішкентай торғай қар астында қалып қалды, ол қатты тоңды.

Кішкентай торғай бүрісіп, қар астында қалып қойсада достарын сағынуын қоймады.

Торғайдың қатты қиналғанын естіп кішкентай қыз көмекке келеді. Ол өте батыл әрі, мейірімді қыз еді, бұл қыз табиғат ананың ең кіші қызы – Көктем еді.

Ешбір қиындыққа қарамастан Көктем қыз жолға шығады, әр қадам басқан сайын жер бетіндегі қар еріп, жылғалардан су болып ағады, шөп шыға бастайды, ағаштар бүршік атып алғашқы гүлдер шыгады.

Аяз ата кішкентай Көктем қыздың мейірімділігіне қайран қалады, өте риза болады.

–Мен жолымды бердім, қош сау болындар,– деп кетеді.

Осылайша Көктем қыз кішкентай достарды бір-бірімен кездестіреді. Бұл кішкентай торғай көктем хабаршысы қараторғай еді. Содан бері қараторғай ұшып келгенде көктем мезгілі келді деп барлық тіршілік әлемі қуанады.

1.Балалар ертегі не жайында?

2.Көктем мезгілінің ерекшеліктерін айтыңдаршы.

Балалар жауабы

Сергіту сәтін орындайды, қимылмен

көрсетеді

Сергіту сәті:

Енді біздер демаламыз,

Айналаны шоламыз,

Қол-аяқты кезекпен,

Оңға-солға созамыз.

Күн шыққанда сүйініп,

Бәйшешектей иіліп,

Біз тынығып аламыз.

Жиі-жиі жаттығып

Үлкен кісі боламыз.

Шығармашылық жұмыс

Балалар бүгін біз сендермен ерекше сурет саламыз ол айшықтау( батик).

Батик-аудармасы ыстық балауызбен сурет салу.

Айшықтаудың – отаны Қытай,

(бірнешеуін көрсетеді)

Көрмеде қойылған суреттерді көрсетіп таныстырады.

Айшықтау ыстық, суық, түйінді болып бөлінеді. Біз суық айшықтау жасаймыз.

Суық айшықтау-әрбір суреттің шеткі сызығы көмкеріліп жүргізіледі, өрнектер өзінше әсем, айқын көрінеді.

Сурет жібек матада салынады.

Жұмыс барысы

–қарындашпен матаға бейнені түсіріп алады

–бейнені резерв,контурмен бастырып шығады

–түрлі-түске бояйды

–фон жасалып боялады.

Балалар жұмысы

Рефлексті-түзету

Көрме "Көктем келді шуақты"

Ән: "Көктем шуағын шашты"

Көктем шуығын шашып,

Айнала түрленді.

Ойнақтайды көгалда

Қуанып төлдерде.

Қ-сы:

Бәйшешектер гүл шоғы,

Құшаққа сыймайды.

Алғашқы көктем гүлін

Анама сыйлаймын.

Балалар өз жұмыстарына тоқталып өтеді,

қуанып көрмеге қояды. Балалар әнді орындайды

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: көктем мезгілінің ерекшеліктерін біледі;

Түсінігі: айшықтау әдісінің жасалу тәсілін түсінеді;

Көрсете білуі: айшықтау әдісін жұмысында қолданады.

comments powered by Disqus